Қытайда оқушылар күнделікті тест тапсырады

Қытайдың көп ауданында биыл мектептегі оқу дәстүрлі форматта өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ коронавирусқа қатысты сақтық шаралары қатаң сақталады. Мәселен, Бейжіңде оқу жылы алдында балаларға кемі 2 апта басқа елді мекенге шығуға тыйым салынады. Ата-аналарына да тиісті талап қойылады. Билік ереженің бұзылмауын арнайы бағдарламаның көмегімен бақылайды. Яғни телефон нөмірі арқылы тұрғындардың кейінгі 2 аптада қайда болғанын біліп отырады. Ал мәселен, Шанхайда оқушылар күнделікті ПТР-тест тапсыруға міндетті. Балабақша тәрбиеленушілері де осындай талапқа бағынуы тиіс.