АҚШ мектептеріне тегін тамақтану бағдарламасы енгізілді

Биыл мұғалім тапшылығы АҚШ үшін де өзекті проблемаға айналды. Сондықтан Техастағы бірнеше ауылдық өңір төрткүндік оқуға көшеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал Калифорния биыл барлық оқушылар үшін тегін тамақ бағдарламасы енгізген алғашқы штатқа айналды. Бұған дейін ол отбасының табысына қарай есептелетін. Мәселен, былтыр тегін тамақ алу мүмкіндігіне ие болу үшін 4 адамнан тұратын отбасының жылдық табысы 34 мың доллардан аспау керек-тін. Алайда Калифорния – өмір сүру деңгейі қымбат өңірлердің қатарына жатады. Мұнда жылына 50 мың доллар табатын отбасының өзіне күн көру оңай емес. Жергілікті биліктің бәріне бірдей тегін тамақтану жүйесін енгізуінің бір себебі осы.