Францияда жеміс пен көкөніс өнімі аз алынды

Францияда жеміс пен көкөніс өнімі аз алынды

Францияда жеміс пен көкөніс өнімі аз алынды. Бәріне аймақтағы құрғақшылық себеп.

Көкөніс өсірушілер қауымдастығы басшысының айтуынша, осы жылы жиналған өнім көлемі әдеттегіден 35 процентке аз. Шығынға батқан шаруаларға жақын арада мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Биылғы шілде Франция тарихындағы ең ыстық айлардың бірі болды. Шілденің шіліңгір ыстығы егістікке ғана емес, орман алқаптарына да тиді. Мыңдаған гектар жер өртеніп күлге айналды.