Арменияда екі күндік аза тұту жарияланды

Арменияда 2 күн қаралы деп жарияланды. Өткен жексенбіде Еревандағы Сурмалу базарында жарылыс болып, 14 адам қаза болды.

62 тұрғын жарақат алған. 2 кісі із-түзсіз жоғалып кетті. Елдің төтенше жағдай министрі іздеу жұмыстары жалғасатын болады, деп мәлімдеді.