Қытайда коронавирус қайтадан өршіді

Бір күннің ішінде 650-дей адам індет жұқтырған. 

Жергілікті денсаулық сақтау комиссиясының хабарлауынша, ковид 10 провинцияда анықталды, ең көбі Хайнаньда. Онда 482 науқас тіркелген. Бұдан бөлек эпиджағдай Чжэцзян, Гуандун және Сычуань аймағында да ушыққан. Әзірге індеттен көз жұмғандар туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, таяуда ғана Хайнань аралындағы Сания қаласында карантин жарияланып, 80 мыңға жуық турист қамалып қалған болатын. Билік науқастар санының күрт артуына байланысты қалаға теміржол билетін сатуды тоқтатып, барлық рейсті кейінге қалдырды.