Таиландта белгісіз топтардың шабуылы жиіледі

Таиландтың солтүстігінде шабуыл жиіледі. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, 3 провинциядағы дүкендер мен газ бекеттерінде 17 қастандық жасалған.

Белгісіз топтар бомба жарып, қасақана өрт қойған. Әзірге 3 бейбіт тұрғынның жарақат алғаны белгілі. Қылмысты ешбір лаңкестік ұйым өз мойнына алған жоқ. Аталған 3 аймақта 2004 жылдан бері түрлі бүлік салдарынан 7 мыңнан астам адам ажал құшқан. Халықтың басым бөлігі Будда дінін ұстанатын бұл елде мұсылмандармен қақтығыс көп болады.