476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Дунайдың деңгейі төмендеді

  • 140
  • UPD: 20:08, 17.08.2022
Дунайдың деңгейі төмендеді

Кәрі Құрлықтағы ең ұзын өзен – Дунайдың арнасы тарылып барады. Құрғақ ауа райының салдарынан су деңгейі биыл айтарлықтай төмендеген.

Еуроодақтағы су тасымалының күре тамыры саналатын өзен бойымен жан басына шаққанда жыл сайын 1 мың тоннадан астам жүк қатынайды. Осылайша Одақ мүшелеріне 80 млрд еуро табыс әкелетін сала құрғақшылықтан зардап шегуі мүмкін. Әсіресе Болгария, Румыния мен Сербияға орасан зор шығын келмек. Өзен арнасы тарылып, су деңгейінің төмендеуінен кеме қатынасының бәсеңдеу қаупі бар. Балық шаруашылығына қатер төнді.

Мария Тривунцевич, Балықшылар қауымдастығының өкілі:

- Су деңгейі  төмендегендіктен қазір қиналып отырмыз. Ал алдағы уақытта жағдай тіптен нашарлауы мүмкін. Құрғақ маусымда ауыл шаруашылығын суғару үшін су қоймаларына түсетін жүктеме артады. Сол кезде екінің бірін таңдауға тура келеді: не балық шаруашылығын, не егін шаруышылығын қолдау. Әрине, мұндайда таңдау өсімдік шаруашылығына түседі.

Хабар 24 телеарнасы