Жағдай ушықса, НАТО араласады – Сербия

НАТО-ның бітімгер күштері Белград пен Приштина арасындағы жағдай ушықса, бұл іске араласуға дайын. Бұл туралы Брюссельде әскери альянстың бас хатшысымен келіссөз жүргізген Сербия президенті Александр Вучич мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Йенс Столтенберг тараптарды сабырлыққа шақырды. Тамыздың басында ресми Приштина солтүстіктегі Метохия аймағындағы сербтер Косово билігі берген көлік нөмірлерін ғана пайдалануы керек деген талап қойды. Бұған сербтер келіспей, наразылық шеруіне шықты.

Йенс Столтенберг, НАТО бас хатшысы:

– Тараптарды сабырлыққа және күш қолданбауға шақырамын. НАТО жағдайды жіті қадағалап отыр. Аймақтағы тұрақтылыққа қатер төнсе, бітімгер күштер қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын.

Александр Вучич, Сербия президенті:

– Сербия үшін бейбітшілік пен тұрақтылық бірінші орында. Біреуге кінә артқым келмейді. Ең бастысы, Сербия халықаралық құқыққа және Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары мен жарғысына, Брюссель келісіміне, жалпы қол қойылған барлық құжаттарға жүгінеді.