Украинада шабуылдан жеті адам ажал құшты  

Украинада шабуылдан жеті адам ажал құшты  

Ресей әскері Харьков қаласындағы тұрғын үйлерді зымыранмен атқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Украинаның Төтенше қызметіне сілтеме жасаған Reuters және Associated Press агенттіктері хабарлады. Аймақ губернаторы Олег Синегубовтің мәлімдеуінше, шабуылдан 7 адам қаза тауып, тағы 16-сы жарақат алған. Әзірге Кремль тарапынан ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Иван Сокол, азаматтық қорғаныс департаментінің директоры:

– Шамамен түнгі сағат 9-дан 17 минут кеткенде, «Калибр» қанатты зымыраны 3 қабатты жатақхананы талқандады. Ғимарат жермен-жексен болған. Алдын ала ақпарат бойынша жатақханада 30-дан астам адам тұрған. Арасында балалар мен қарттар бар.