БҰҰ бас хатшысы Украинаға барды

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Львов қаласына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды. Украинада әскери шиеленіс басталғалы бері бұл бас хатшының екінші сапары. Львов қаласында ол Украина басшысы Владимир Зеленскиймен және Түрік Президенті Реджеп Ердоғанмен келіссөздер жүргізбек. Бұдан кейін Антониу Гутерриш Черномор бастамасы аясында жасалған астық келісімін іске асыратын украиналық порттың біріне барады. Сонымен қатар бас хатшы Ыстамбулға тоқтап, бірлескен үйлестіру орталығының жұмысын көріп қайтады.

Еске сала кетейік, орталық шілденің соңында астық және тыңайтқыштың әлемдік экспортына септесу мақсатында құрылған.