Қытайда табиғат апатынан 16 адам қаза тапты

Қытайдың Цинхай провинциясындағы таулы өңірде су тасып, 36 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Толасыз жауған нөсердің кесірінен лай көшкіні мен сел жүріп, бірнеше елді мекенді басып қалған. Табиғат апатынан 6 мыңнан аса адам зардап шекті. Құтқару жұмыстарына 2 мыңдай маман жұмылдырылған.