Львовтегі университетке БҰҰ Бас хатшысы барды

Украинаға келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Львов ұлттық университетіне барды.

Халықаралық қатынастар факультетіне бас сұққан Бас хатшы оқу орнының ұйымға сіңірген еңбегін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Еске сала кетсек, Антониу Гутерриш Украинада әскери қақтығыстар басталғалы бері мұнда ресми сапарымен екінші рет келіп отыр. Жоспар бойынша ол мемлекет басшысы Владимир Зеленскиймен және Түркия Президенті Реджеп Эрдоғанмен кездеседі. Бұдан кейін Черномор бастамасы аясында жасалған астық келісімін іске асыратын украиналық порттың біріне барады. Сонымен қатар Бас Хатшы Ыстамбулға тоқтап, бірлескен үйлестіру орталығының жұмысын көріп қайтады.