Екі оттың ортасында қалған атом электр станциясына не болмақ?

Украинадан астық экспорттауды үйлестіру орталығы 22 шілдеде Ыстамбұлда өткен кездесуден кейін құрылды.

Мұнда Украина кемежайларында жиналып қалған астықты экспорттау бойынша қауіпсіз дәліз құру туралы келісімге қол қойылды. Оған  БҰҰ-ның бас хатшысы мен Түркия президені ұйытқы болған. Сөйтіп қарулы қақтығыс салдарынан ұзақ уақыт бойы Украина кемежайларында экспортталмай тұрғын астық өзге елдерге тасымалдана бастады. Үйлестіру орталығы ашылғалы Украина порттарынан азық-түлік тиелген 24 жүк кемесі жолға шығыпты.

Дэниз Браун, Украинадағы гуманитарлық іс-қимылдардың үйлестірушісі:

- Одессадағы 3 кемежай да Блэк Си Грэйн бастамасына қосылды. Бұл аса маңызды қадам.

Украинадан өзге елдерге экспортталып жатқан астықтың арқасында азық-түлікке мұқтаж жандарға көмек көрсете аламыз.

БҰҰ-ның бас хатшысы Украинаға сапары барысында Запорожьедегі атом электр станциясы төңірегіндегі ахуалды да талқылауға ниетті. Бұл мәселе қазір көпшлікті алаңдатып отыр. Нысан наурызда Ресей әскерінің бақылауына өткен. Кейінгі уақытта станция төңірегінде жарылыстар көп. Бұған Киев пен Мәскеу бірін бірі айыптап келеді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Ресей әскері атом электр станциясы мен оның төңірегіндегі аумақтан кетіп, бұл жерден әскери техникасын алып шығуы тиіс. Бұл шұғыл, яғни қысқа уақыт ішінде жасалу керек. Сонда Украина жағы атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік мамандарының станцияға өтуін қамтамасыз етеді, Біздің дипломаттар мен атом энергиясы жөніндегі мамандарымыз МАГАТЭ өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр.