Австрияда 47 жылда болмаған инфляция болып отыр

Ал Австрияда инфляцияның 9 пайыздық өсімі 47 жылда алғаш рет болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің Федералды статистикалық бюросы жариялаған мәліметке сәйкес, осыншалық ақшаның құнсыздануы 1975 жылдың ақпанында тіркелген. Отын, электр қуаты, азық-түлікпен қатар қоғамдық орында тамақтану дерлік 20 пайызға қымбаттаған. Сарапшылар келтіргендей, бұған  пандемияның келтірген зардабы мен әлемдегі энергия көзінің қымбаттауы себеп.