Үшжақты келіссөздер аяқталды

Украинаның Львов қаласында Түркия мен Украина президенттерінің және БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен өткен үшжақты келіссөздер аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы TRT WORLD телеарнасы хабарлады. Келіссөздер шамамен 40 минутқа созылды және жабық форматта өтті. Тараптар бидай экспортын, Ресей-Украина дағдарысын шешу жолдарын талқылады.