Қытайда робототехниканың дүниежүзілік көрмесі ашылды

Қытай астанасы Бейжіңде Дүниежүзілік робототехника конференциясы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген 130-дан компания қатысып жатыр. Көрмеге гуманоидтардан бастап, медицина саласында қолдануға болатын замануи құрылғылар қойылған. Жоба авторларының айтуынша, келешекте мұндай аппараттар науқастарды емдеп, оларға күтім жасауға көмектеседі. Тамыздың 21-іне дейін жалғасатын конференция барысында панельдік дискуссиялар өткізу де жоспарланған.

Сондай-ақ...