Суданда мыңдаған адам шеруге шықты

Суданда шерулер толқыны тыйылар емес. Ел астанасы Хартумда мыңдаған адам әуежайға апаратын жолдарды басып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүлікшілерді тарату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданған. Шеру салдарынан ірі көшелер жабылып, кей аудандарда жол қатынасы тоқтады. 

Айта кетеік, Суданда 10 айдан бері наразылық акциялары жүріп жатыр. Жергілікті тұрғындар былтыр қазан айында билікті күшпен басып алған әскерилерге қарсылық білдіруде. Шерушілер келесі аптада бұдан да  ауқымды ереуілге шығатынын мәлім етті. 

Сондай-ақ...