Ресейде 5G енгізу бойынша қиындықтар бар

Ресейде 5G тек кейбір өңірлерде ғана тестілеуден өтіп жатыр. Бұл Мәскеу, Санкт-Петербург, Төменгі Новгород, Набережные Челны, Томск, ИннопОлис. Мұнда технологияны роботтар мен дрондарды басқару, ұялы байланыс және заттар интернеті саласындағы түрлі зерттеулер үшін қолдану жағы қарастырылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байланыстың бұл түрін енгізу бойынша бірнеше қиындық бар. Біріншіден, 5 джи үшін қолданылатын жиілік ауқымы Қорғаныс министрлігі мен Роскосмостың қажеттіліктеріне берілген. Екіншіден, құзырлы органдар оны іске қосу үшін тек ресейлік жабдықты пайдалануға рұқсат береді. Алайда әзірге онда мүмкіндік жоқ. Ол аздай, Украинадағы шиеленіске байланысты Циско, Экриксон, Нокиа, Хуавэй секілді телекоммуникациялық жабдықтың негізгі жеткізушілері Ресеймен жұмыс істеуді тоқтатқан. Аталған 4 компания 5 джи технологияларын тестілеу жағымен айналысқан. Ресейдің экономикалық даму министрлігінің мәлімдеуінше, 5 джи технологияларының дамуы бойынша мемлекет әлемдік көбасшылардан шамамен 5 жылға артта қалып келеді. 

Сондай-ақ...