Қытайда құрғақшылықтың беті қайтпай тұр

Қытайда құрғақшылыққа байланысты дабылдың сары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта өтейін, көрші елде екі айдан бері ауа температурасы 38 градустан төмендемей тұр. Соның салдарынан орман өртеніп, Янцзы өзені тартылды. Сычуань провинциясында жауын-шашын мөлшері екі есе азайып кетті. Осыған байланысты билік өкілдері егістік алқаптарын қорғау шараларын қолға алды. Синоптиктердің айтуынша, аймақтағы аптап кемі бір апта сақталады.