Германияда таудағы мұздықтар еріп барады

Альпі тауларының Германиядағы тау сілемдерінде алып мұздықтар еріп жатыр.

Осылай жалғаса берсе тау басындағы қар 15 жылдан кейін мүлдем жойылып кетуі мүмкін. Бұған ыстық ауа райы әсер етіп жатыр. Сахара шөлінен желмен жеткен құм жағдайды одан бетер ушықтыра түскен. Құм басқан мұздықтар қарайып, жылдам ери бастаған. Ғалымдардың айтуынша, Альпі тауларындағы мұздақтардың еруін баяулату үшін ауаны ластауды тоқтату керек.