Украинаның астық жөнелту айлағына БҰҰ Бас хатшысы барды

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Одесса теңіз айлағына барды.

Ол Украинадан азық-түлікті көбірек тасымалдауға күш салуымыз керек деп мәлімдеді. Сондай-ақ Ресей өндіретін, бірақ санкцияға ілікпеген тыңайтқыштар мен тағам түрлерін де әлем нарығына кедергісіз шығаруға жағдай жасау керек. Бұдан басқа Гутерриш шілдедегі келісім бойынша Ыстамбұлға жіберіліп жатқан кемелерге жүк тиеу ісін тексерді.  

Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы:

- Бұл бір-бірімен қақтығысып жатқан 2 тараптың арасында жасалған келісім. Әлі көптеген бағыттар бойынша шешілуге тиіс өзекті мәселе жетіп артылады. Ең бастысы, Украина мен Ресейден тасымалданатын азық-түлік пен тыңайтқыш көлемін арттырудың әлем нарығы мен бағаларды төмендету үшін маңызды екенін естен шығармағанымыз жөн.

Украинадан 10 кеме аттануға дайын  

Украинаның Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков тағы 10 кеме аттануға дайын екенін жеткізді. Олар теңізге "Одесса", "Черноморск" және "Оңтсүстік" айлақтары арқылы шығады. Азық-түлік жеткізуді сұраған өтінімдер саны қазір 40-тан асқан. Бұған дейін 630 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жіберілген. Бұл көлемді айына 5 миллион тоннаға көбейту жоспарлануда.

Сондай-ақ...