Қытайда велосипед тебушілер көбейді

Бүгінде Қытай тұрғындарының 40 пайызға жуығы спортпен тұрақты айналысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның әсері болса керек, соңғы 10 жылда халықтың орташа өмір жасы 4 жылға ұзарған. Бұған белесебеттің де үлесі бар. 

Цянь Юйчжу, сатушы:

-Адамдардың өмір сүру деңгей артып келеді. Жергілікті тұрғындар үшін белесебет саламатты өмір салты әрі көңіл көтеру құралына айналған. Сондай-ақ адамдар қымбат теміраттарды көптеп ала бастаған. Сұранысқа орай, жұмысымыз да көбейді.

Белесебетшілердің көбейгеніне билік қуанбаса, ренжімейді. Өйткені көлік кептелісі азайып, экология жақсарады. Сондықтан 2 дөңгелек жүргізушілері үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Бейжіңдегі көшелер, айналма жолдар мен саябақтарда арнайы веложолдар орнатылды.

- Күніне кемінде 60 шақырым жүремін. Кейде қашықтық 100 шақырымға жетеді. Жұмысқа тек белесебетпен қатынаймын. Түрлі велотоптар да, іс-шаралар да көбейіп келеді."

- Теміратқа отырғаныма 7 жылдан асты. Тек пандемия шектеулері кезінде көп жүре алмаймыз. Досым екеуіміз тіпті Тибетке барып-келдік. Жолға 12 күн кетті.

Белесебет тебу үшін оны сатып алу міндетті емес. Өйткенің Бейжіңде барлық жерге велобекеттер қойылған. Бағасы да қолжетімді. Қытай астанасында күнде теміратпен 5 миллиондай жүріс жасалады.

Авторлары: Ернат мелсұлы, Ботагөз Сырғабаева