Украина экономикасы шатқаяқтап тұр  

Украинаның жалпы ішкі өнімі биылғы жылдың аяғына дейін 40%-ке қысқарады. Елдің Экономика министрлігі осындай болжам жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құлдыраудың басты себебі  – соғыс. Дағдарысты еңсеру үшін министрлік азық-түлік нарығында жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға қолдау көрсетуге ниетті. Осы мақсатта бизнес нысандарын батыс аймаққа көшіру жоспарда бар. Қазірдің өзінде 700-ден астам компания көшірілген. Осының алдында Fitch халықаралық агенттігі Украина дефолтқа ұшырауы мүмкін деп ескерткен болатын.