Венгрияда жанармай бизнесі тұралады

Венгрияда газ және жанармай бизнесімен айналысатындар тығырыққа тірелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені елге шикізат келмей жатыр. Әсіресе тапшылық елдің батысында қатты сезілуде. Украинадағы қақтығыс басталғалы мажар мемлекеті Ресей өнімінен біржола бас тартты. Үкімет жанармай мен дизель отынының 1 литрін 480 форинттен асырмау керек деген шектеу енгізді. Бұл АҚШ валютасына шаққанда 1,2 доллар. Осы шектеуге байланысты артық пайда таба алмаған компаниялар бірінен соң бірі жабылып жатыр.

– Газ бекетін ұстап тұру қазір ауыртпалыққа айналды. Табыс таппақ түгілі, күн көре алмай қалдық. Үкімет те ешқандай көмек беріп жатқан жоқ.