Сомалиде лаңкестер қонақүйді басып алды 

Сомали астанасы Могадишода террорлық шабуылдан 20-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыскерлер Хаятт қонақ үйін басып алып, төрт қабатты ғимаратты бір тәулікке жуық ұстады. Куәгерлердің айтуынша, қонақүй ішінде атыс пен жарылыс естілген. Аудан қоршауға алынып, әскерилер ғимаратқа шабуылға жасады. Операция шамамен 18 сағатқа созылды. Қауіпсіздік күштері ғимарат ішіндегі бейбіт тұрғындарды азат етті. Оның арасында балалар да бар. Террорлық шабуылды «Аш-Шабаб» тобы ұйымдастырғанын айтты.