Тайланд туристік визалардың жарамдылық мерзімін ұзартады

Бұл туралы коронавирустың таралуын бақылау орталығының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, қазан айынан бастап елге визасыз кіру құқығына ие шетел азаматтары Тайланд жерінде 45 күн жүре алады. Бұған бұл мерзім 30 күнмен шектелетін. Ал виза аштырған азаматтар енді 15 күннің орнына 30 күн саяхаттай алады. Осылайша жергілікті билік туризмнен түсетін табыс көлемін арттырып, ковидтен зардап шеккен экономиканы қалпына келтіруді көздеп отыр.