Үндістанда су тасқынынан 20 адам опат болды

Үндістанның Кангра қаласында толассыз жаңбыр соңы алапат су тасқынына ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның салдарынан 22 адам опат болды. Тағы бірнеше азамат із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында. Қалада ондаған үй мен әлеуметтік нысанға зақым келген. Жолдар жабылып, көлік қозғалысы тоқтаған. Тасыған суға теміржол көпірі де шыдамай опырылып түсті. Қазір апатты аймақта қалған азаматтар жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Баспанасыз қалғандар уақытша лагерльлерге орналастырылған. Синоптиктердің болжамы бойынша нөсер әлі бір апта жауады.