Грекия күшейтілген бақылау жүйесінен шықты

Грекия Еуроодақтың несие беруші ұйымдары енгізген «күшейтілген бақылау» жүйесінен шықты. Бұл туралы үкімет басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, енді жергілікті билік органдары бюджетті басқаруда толық еркіндікке ие болады.

Естеріңізде болса, Грекия 2010 жылғы дағдарыстан соң Еуропа одағынан көмек сұраған еді. Сол уақыттан бері Афины қаржылық қолдаудың үш пакетін пайдаланып, несие берушілердің талабы бойынша қатаң үнемдеуге көшкен болатын.