Орталық банк болжамы көңіл көншітпейді

Биыл күзде Германиядағы инфляция деңгейі 10 проценттен асып кетуі мүмкін. Орталық банктің болжамы осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы рет инфляцияның екі таңбалы көрсеткішке жетуі 1951 жылы тіркелген. Шілдеде ол 8 жарым процентті көрсетті. Салдарынан энергия тасымалдаушылардың бағасы 30 процетке өскен. Мұндай жағдайға әлемдегі геосаяси ахуал және коронавирус пандемиясы әсер еткен. Сарапшылар егер әлемдегі энергетикалық дағдарыс жалғасса, неміс экономикасындағы көрсеткіштер келесі жылы одан да бетер нашарлап кетуі мүмкін деп ескертеді.