Ұлыбританияда жарты ғасырда болмаған қуаңшылық белең алды

Ұлыбританияда жарты ғасырда болмаған қуаңшылық белең алды

Британияда соңғы жарты ғасырда болмаған қуаңшылық орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарихта алғаш рет Темза өзенінің бастауы құрғап, ұзындығы 8 шақырымға қысқарды. Сарапшылар «құрғақ ауа райының зардабын қыста да тартамыз» дейді.

Ханна Клоук, Рединг университетінің гидрология профессоры:

– Әлемнің көптеген жерін қуаңшылық жайлап алды. Су деңгейі әжептәуір төмендеді. Тамыз бойына бір тамшы жаңбыр жауған жоқ. Шынында алдағы қыс құрғақ, яғни қар аз түсуі мүмкін. Келесі көктем мен жазда құрғақшылық тіптен күшейеді деген қаупіміз бар.