Ford компаниясы үш мың қызметкерді қысқартады

Әйгілі «Форд Мотор» компаниясы 3 мың жұмысшысын қысқартады.

Бұл компанияның шығынды қысқарту стратегиясы негізінде қолға алынған. Мақсат электромобильдерді шығару бойынша "Тесла" компаниясын қуып жету. Қысқартуға АҚШ, Канада және Үндістандағы 2 мың қызметкер мен 1 мыңға жуық жалдамалы жұмысшы ілігеді. 2 жыл бұрын бас директор болып Билл Фарли тағайындалғаннан кейін компанияны ауқымды жаңарту бағдарламасы қабылданды. 2026 жылға таман шығынды 3 миллиард долларға дейін азайту көзделген.