Перуде ежелгі дәуірдегі вари мәдениетіне тиесілі қабірлер табылды

Перуде поляк археологтары ежелгі дәуірдегі вари мәдениетіне тиесілі жаңа қабірлер тапты.

Зираттар осы елдің оңтүстігіндегі Уармей провинциясынан анықталды.

Мамандардың айтуынша, олар таңдаулы қолөнершілерге тиесілі. Мәйіттердің жанынан әшекей заттармен бірге қыш ыдыстар және еңбек құралдары табылған. Айта кетейік, вари инктер дәуіріне дейін өмір сүрген халық. Олардың мемлекеті осы елдің оңтүстігінен солтүстігіне дейін созылып жатқан. Анд тауындағы қазіргі Аякучо қаласы маңында өзінің астанасын тұрғызған.

Сондай-ақ...