Қытайда ең ірі тұщы көлдің суы тартылды

Қытайда бірнеше аптаға созылған аптап ыстық пен қуаңшылықтан ең ірі тұщы көл Поянхудың суы тартылған.

Жергілікті Табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне қарағанда сәуір айында көлемі 4 мың шаршы шақырымды алып жатқан су айдыны 600 шаршы шақырымдай болып қалған. Табиғат апатынан басты күріш өсіруші штаттың бірі саналатын Цзянси аймағы көп зардап шегіп отыр. Жергілікті билік көл суы барған сайын азайып бара жатқанын айтады. Мамандар қуаңшылықты әлемдегі климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр. Биыл Қытайдың көп бөлігінде соңғы ондаған жылда болмаған аптап ыстық болды.

Сондай-ақ...