Германияға сутегі отыны экспортталады

Германияға сутегі отыны экспортталады

Канада Германияға сутегі отынын экспорттайтын болды. Жуырда екі елдің басшылары осындай келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сай, отын тасымалы 2025 жылдан бастап жүзеге асады. Ол үшін трансатлантикалық дәліз құру көзделген. Тараптар сондай-ақ қажетті инфрақұрылымға шетелден инвестиция тартуға ниетті.

Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:

Канада мен Германия арасындағы бұл келісім – біз үшін тарихи қадам. Қазір алғашқы тауар тасымалына қатысты жұмыстар жүріп жатыр. Жалпы алғанда, біз экологиялық таза отын экспорты арқылы болашақта климаттың өзгеруін тоқтатқымыз келеді.