Робот жанартауды зерттейді

Британиялық «Макслаймер» деп аталтын робот кеме Тынық мұхитындғы Тонга жанартауын зерттеуге кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – ұзындығы 12 метрдей болатын кеменің үшінші миссиясы. Ғалымдар кемені Англиядағы орталықтан отырып басқарады.

Еске сала кетейік, Хунга Тонга жанартауы биыл қаңтар айында атқылаған болатын. Мамандар мұхит астындағы отты таудың оянуы неге әлемнің көп аймағында толқын туғызғанын анықтауды көздеп отыр. Осымен бірге оның келешекте белсенділігін алдын ала болжап білуге үмітті.