Мексикада тағы бір журналисті атып кетті

Мексикада тағы бір журналисті атып кетті

Мексикада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне шабуыл тоқтамай тұр. Кеше белгісіз қарулы топтың қолынан жергілікті жаңалықтар арнасының бірінде жұмыс істеген тағы бір журналист қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл осымен Мексикада биыл жыл басталғалы он бесінші журналистің көз жұмуы. Оқиға Чильпасиньго штатында болды. Қылмыскерлер Фредид Романды көлікпен кетіп бара жатқанда атып кеткен. Мәліметке қарағанда ол «Герреродағы шынайы ахуал» деп аталатын саяси бағдарламаны жүргізген. Бұл осы елдегі заңсыз есірткімен айналыстатын қылмыстық топтардың арасында қарулы қақтығыс жиі тіркелетін аймақтың бірі.