Жапония атом электр станцияларын қайта жандандыруға ниетті

Бұл туралы осы елдің Премьер-министрі Фумио Кисида қоршаған ортаны қорғауға арналған конференцияда мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша билік енді жетілдірілген шағын атом реакторларына көңіл бөлмек. Үкіметке мәселені қарастырып, жыл соңына дейін шешім қабылдау тапсырылған. Жапония 2011 жылы Фукусимадағы апаттан кейін көп атом электр станцияларының жұмысын тоқтатқан болатын. Себебі оларды қолдануға қарсылық білдіргендер көбейген еді. Бірақ Украинадағы қарулы қақтығысқа байланысты электр энергиясына тапшылық туындап, билік мәселеге қатысты ұстанымын өзгерте бастаған.