Косоводағы сербтер жергілікті биліктен құжатқа байланысты туындаған қиындықтардың тез шешілуін талап етіп отыр

Косоводағы сербтер жергілікті биліктен құжатқа байланысты туындаған қиындықтардың тез шешілуін талап етіп отыр

Олар жақында өңірдегі аухал ушығып кете ме деп алаңдаулы.

Өйткені қыркүйектен бастап жергілікті билік Сербия мекемелері берген құжаттар күшін жоятынын айтқан. Енді мұның соңы жанжалға ұласып кетуі мүмкін деген күдік бар. Айта кеткен жөн, 14 жыл бұрын Косово бір жақты тәртіпте Сербиядан тәуелсіздігін жариялаған еді. Мұнда тұратын мыңдаған серб жергілікті мекемелер берген құжаттарды мойындамай, сербиялық куәліктерді пайдаланып келген.