Ауғанстанда тасқыннан бір айда 182 адам ажал құшты

Ауғанстанда кейінгі бір айда су тасқыны 182 адамның өмірін жалмады. Тағы 250-ден аса тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қираған үйде есеп жоқ. Билік халықаралық қауымдастықтан көмек сұрап отыр. Тасқыннан қаза тапқандардың ішінде балалар да бар. Тұрғындар кәмелетке толмағандар арасында ауру көбейгенін айтады. Өйткені олар лас суды тұтынуға мәжбүр. Мамандар соның салдарынан тырысқақтың таралу қаупі барын ескертіп отыр. Синоптиктердің де болжамы көңіл көншітпейді. Олар алдағы күндері қайтадан нөсер жауатынын айтады.