Түркияда толассыз жауыннан үйлер суға кетті

Ыстамбұлдың Есенюрт ауданында толассыз жауған жауын салдарынан  жүздеген үй су астында қалды.

Ауданның орталық көшелерінде қоғамдық көлік қозғалысы бұзылып, ағынды су көліктерді шайып кеткен. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Апат және төтенше жағдайлар басқармасы, қала тұрғындарын жолға шықпауға шақырады. Бұдан бөлек қолайсыз ауа райына байланысты елдің батыс бөлігінде қауіптің сары-қызғылт түсі жарияланып, Бурса, Күтахия секілді шаһарлардың кейбір аудандары су астында қалды.