Британияда жарықтың қымбаттауы созылмалы ауруы бар адамдардың өміріне әсер етуі мүмкін

Ұлыбританияда электр энергиясының қымбаттауы созылмалы ауруы бар адамдардың өміріне теріс әсер етуі мүмкін. Қазір елде 30 мыңға жуық тұрғынның бүйрегі ауырады. Оларға жиі қан құйдыру керек. 5 мыңдай адам қан құю құралын үйде қолданады. Енді электр қуаты үшін төлемақы көбейсе науқас жандардың күнкөрісі қиындамақ. 

- Қос бүйрегім де жұмыс істемейді, сондықтан олар көп креатин бөледі. Ал креатин денсаулыққа зиян. Арнайы құралды аптасына 5 рет қолдана алмасам, өмірмен қош айтысуым әбден мүмкін.

 

Үкімет қарап отырған жоқ. Жақында бүйрегі ауыратын 6 миллион тұрғынға көмек ретінде 150 фунт стерлинг бөлінетін болды. Бұл шамамен 80 мың теңгеден асатын сома.