Илон Маск: Шалғай ауылдар ұялы байланыспен қамтылады

Америкалық кәсіпкер Илон Маск тағы бір технологиялық жобаны қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтқанда, ол бүкіл АҚШ аумағын ұялы байланыспен қамтымақ. Идеяны жүзеге асыруға Жер орбитасындағы Старлинк жерсеріктері қолданылады. Бұл туралы ол Техас штатындағы зымыран зауытында өткен шара барысында мәлімдеді. Масктың айтуынша, келешекте желіге қосылмаған телефондар тікелей осы бір ғарыш аппараттарына қосылатын болады. Айта кетейін, аталған технологияның бета нұсқасын келер жылдың соңында шығару жоспарланып отыр.