Энергия бағасы шарықтап тұр

Энергия бағасы шарықтап тұр

Энергия бағасы қазір тек Литвада ғана шарықтап тұрған жоқ. Қымбатшылықты Еуроодақ елдерінен байқауға болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Nord Pool биржасы келтірген мәліметке сәйкес, бүгінде Австрияда электр қуатының мегаватт-сағаты 707 еуро тұрады. Ал Францияда 706 еуро.  Бельгияда 700 еуро шамасында. Мұндай жағдай Еуропада бұрын соңды болмаған.

Айта кетейік, қазір кәрі құрлық елдерінде газдың бір мың текше метрі 3200 доллардан саудаланып жатыр. Бұл наурыздан бергі рекордтық көрсеткіш.