Филиппинде кеме өртеніп, апатқа ұшырады 

Филиппинде кеме өртеніп, 9 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Оқиға осы елдің астанасы Маниланың маңында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Калапан қаласынан шыққан кемеде 34 экипаж мүшесі және 48 жолаушы болған. Қазір апат ауданында іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр. Елде су көлігі тасымалының нашар дамуы мен қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан төтенше оқиғалар жиі тіркеліп тұрады.