Брюссельде шағын автобус адамдарды қақты

Қатты жылдамдықпен келген көлік дәмхананың сыртында тамақтанып отырған адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

6 кісі жарақат алды. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетіп, бірнеше сағаттан кейін Антверпен қаласында қолға түскен. Әзірге бұл кездейсоқ оқиға ма, жоқ әлде қасақана жасалған әрекет пе белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.