Еуропада газ бағасы тағы шарықтады

Еуропада газ бағасы тағы шарықтады

Еуропадағы газдың 1 мың текше метрі 3,5 мың доллардан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баға Лондон қор бижасында жұма күнгі сауда сессиясы аяқталар кезде тіркелді. Оған Азия биржаларындағы бағалардың өсуі әсер еткен. Жағдайға байланысты Еуропалық одақтың энергетика министрлері шұғыл бас қосуға дайындалып жатыр. Кездесу қашан өтетіні әлі белгісіз. Еуропада көгілдір отынның бағасының соңғы рет шарықтауы биыл наурыз айында тіркелген. Ол кезде сәуір айының фьючерсі 4 мың долларға дейін жеткен болатын.