Румынияда Украина азаматтары мінген автобус аударылды

50-ге жуық адамның 23-і жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. 

Жолаушылардың дені - әйелдер мен балалар. Автобус Түркиядан Украинаға бара жатқан екен. Жол апатының нақты себебі белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалса керек.