Лондондағы Британия мұражайында ерекше көрме ашылды

«Бейруттің сынған шынылары» атпен өтіп жатқан шарада осы шаһардағы жойқын жарылыстан бүлініп қалпына келтірілген жәдігерлер қойылған.

Мамандар быт-шыт болып сынған ыдыстарды жөндеуге 3 айдай уақыт жіберген. Америкалық университеттің археологиялық мұражайындағы көне бұйымдардың 8-і ғана көрермендер назырына ұсынылып отыр. Тағы 50-ден астамын қалпына келтіру жұмыстары әлі жүріп ажытр. Естеріңізде болса, 2020-шы жылы тамыз айында Бейрут портында жойқын жарылыс болып, шаһардың жартысы қирап бүлінген еді.

Дуйгу Чамуркоглу, мұражай қызметкері:

- Біз бұл жәдігерлерді қалпына келтіру кезінде олардың жарылысс кезінде сынған жерлерін жөнге келітіруге тырыспадық. Керісінше олардың айқындалып тұруына мән бердік. Себебі бұл тарих. Жәдігерлер сонысымен де ерекше маңызға ие.