Нидерландта жүк көлік 6 адамды таптап өлтірді

Нидерландта жүк көлік 6 адамды таптап өлтірді

Нидерландта қанды оқиға болды. Елдегі Нью-Бейерланд қаласында жүк көлігі барбекьюге жиналған жұртты басып кетті. 6 адам көз жұмған.

Тағы 7-уі түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Дәрігерлер  олардың  біреунің халі мүшкіл деп отыр. Жүк көлігін тізгіндеген 46 жастағы Испания азаматы болып шықты, ол оқиға орнында ұсталып қамауға алынған. Әзірге оның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Жергілікті құқық қорғаушылардың айтуынша, оның қанында ішімдік анықталмаған.