Иракта шеру кезінде 10 адам көз жұмды 

Иракта шеру кезінде 10 адам көз жұмды 

Ирак астанасы Бағдаттағы наразылық кезінде 15 адам көз жұмды. Тағы жүзден аса тұрғын жарақат алған. Бұл туралы «Рейтер» және «Ассоушейтід Пресс» агенттіктерінен мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шииттердің ықпалды саясаткері Муқтада ас-Садрдың отставкаға кететіні туралы жазбасынан кейін жүздеген адам шеруге шығып, Республика сарайын басып алған еді. Осыдан кейін билік бүкіл ел аумағында коменданттық сағат жариялады. Үкімет пен шетелдік нысандар орналасқан «Жасыл аймақта» әлі атыс естіліп жатыр. Соңғы уақытта Иракта саяси дағдарыс ушығып тұр. Былтыр қазан айында іске кіріскен Парламент әлі күнге дейін жаңа президентті сайлай алмады және үкімет құрамы да жасақталған жоқ.

– Қолымды сындырып алдым. Қазір дәрігерге барып, емдетіп аламын. Сосын шеруге қайта қосыламын. Біз төңкеріс жасамай тоқтамаймыз.